Мұхит түбінен табылған керемет олжалар

Осы топтамдан мұхит түбінен табылған адам сенгісіз 3 олжа жайлы ақпарат ала аласыздар.


  • 2007 жылы Odyssey компаниясы 1804 жылы батып кеткен испан кемесінен керемет мөлшерде - 15 тонна алтын мен күміс тапты. Табылған олжаны 500 миллион долларға бағалады. Табылған қазына сот шешімімен Испанияға қайтарылды.

  • 2012 жылы Грег Брукс - әйгілі қазынаны іздеуші Атлант мұхитының түбінде керемет олжа табылғанын жариялады - бұл екінші дүниежүзілік соғыс кезінде суға батқан «Порт Николсон» кемесі. Әзірге кемеден жүктерді көтеру мүмкін болмады, бірақ 30 сандықта 3 миллиард доллар тұратын платина жатыр деп болжанады. Су астына түсіру кезінде платинаны еске түсіретін кесектер айқын көрінгенімен, қандай да бір себептермен жоба тоқтатылды

  • 1941 жылы Ирландия жағалауына жақын жерде «SS Gairsoppa» кемесі суға кеткен болатын. Оның ішінде өте көп мөлшерде күміс болды. 70 жылдан кейін кеменің шамамен орналасқан жерін анықталды. Жақында ғана, сол кемеден ондаған тонна қымбат металды алып шықты, ал оның алдында одан көп олжаға ие болған - 48 тонна күміс. Бірақ бұл кемедегі барлық жүк емес....

Ерекше экспонаттары бар 6 мұражай >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес