Альберт Эйнштейнның фотолары

Альберт Эйнштейнның тарихи фотолары.

Жақында Эйнштейннің жалпы салыстырмалы теориясына 100 жыл уақыт болды, соның құрметіне ғалымның сирек кездесетін, бұл уақытқа дейін көп адамға белгілі болмаған фотолары бар кітап жарық көрді. Теорияларымен әлемді өзгерткен данышпан ғалымның ең қызықты фотолары – келесі топтамада.

Альберт Эйнштейн

1. Альберт Эйнштейн өзінің әйелі Эльзамен, Үлкен каньон, 1931


Альберт Эйнштейн

2. 1915 жылдың 25 қарашасында Эйнштейн Annalen der Physik журналында өзін әйгілі еткен теориясын шығарды. Бұл фото химия бойынша нобель лауреаты – Фриц Габермен осыған бір жыл бұрын түсірілген болатын


Альберт Эйнштейн

3. Эйншстейн Питер Зееман (сол жақта) зертханасында, Амстердам, 1920


Альберт Эйнштейн

4. Осло қала маңайында кішігірім пикник, 1920


Альберт Эйнштейн

5. Британиялық ғалым Артур Эддингтон (он жақта) Эйнштейн теориясын дәлелдеу үшін экспедицияға аттанды


 Альберт Эйнштейн

6. Альберт өзінің әйелімен


 width=

7. Физик Макс Планк Макс Планк медалін Эйнштейнге табыстауда, 1929. Макс планк квант физикасының бастаушысы болды


Альберт Эйнштейн

8. 1933 жылы Эйнштейн АҚШ-қа аттанды


Альберт Эйнштейн

9. Оған Гитлер билікке келген кезде Германиядан кетуге тіра келді. Алдымен ол Англияға аттанды – фотода Альберт пен Уинстон Черчилль – сосын ол Нью-Йоркқа кетті


 width=

10. Эйнштейн еврейлік босқын балалар тобымен, Принстон, 1941 жыл


Альберт Эйнштейн

11. Қалған өмірінің барлығын Эйнштейн Америкада өткізді. Екінші дүниежүзілік соғыстың кезінде ол АҚШ-тың билігіне нацисттардың атомды бомба құрастырып жатқандарын ескертті. Бұл оның Манхэттен жобасына қатысуының бастамасы болды


 width=

12. Соғыстан кейін Эйнштейн өзінің атом бомбасын құрастыруға қатысқанына өкінді. Ол Newsweek журналына былай айтты: «Егер де мен немістердің атом бомбасын жасамайтынын білсем, ешқандай әрекетке бармаушы едім». Фотода Эйнштейн өзінің Принстондағы үйінде сұхбат беруде, 1950


 width=

13. 1952 жылы Израильдің бірінші президенті Хаим Вейцманның қазасынан кейін, Давид Бен-Гурион (фотода), сол кездегі Израиль премьер-министрі, Альберт Эйншткйнге Израильдің президенті болуын ұсынды. Эйнштейн ондай іске қабілеті жоқ, адамдармен сөйлесу тәжірибесі аз екенін айтып, бас тартты


Альберт Эйнштейн

14. Өзінің өмірінің соңғы 22 жылын Эйнштейн Пристонда өткізді, Принстондағы университетте жұмыс істеді

30 керемет тарихи фотолар >>>

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес