Lenovo Z5 Pro GT 12 Гб ОЖ: Snapdragon 855 орнатылатын алғашқы смартфон


Lenovo Z5 Pro GT 12 Гб ОЖ: Snapdragon 855 орнатылатын алғашқы смартфон

Qualcomm Snapdragon чиптерін алғашқы болып орнататын компания OnePlus, Huawei, Xiaomi, Samsung болатын.

Snapdragon 855 келгенде Lenovo барлығының алдын орап кеткені белгілі болды. 12 Гб оперативті жад орнатылған, шектеулі сериялы Lenovo Z5 Pro GT моделіне аталмыш чип алғаш болып орнатылып отыр.

Смартфонн бетінің 95% дисплеймен жабылып тұр. Мұндай көрсеткішке жету үшін компания слайдер форм-факторын пайдаланды. Жылжып шығатын алдыңғы камера мен жақындау өлшегіші енді тығылып тұратын болды. Lenovo Z5 Pro GT негізгі камерасы қосарланған 24 және 16 Мп камералардан құралған. Саусақ ізінің сканері дисплейдің астына орнатылған.

Батареяға келер болсақ, оның сиымдылығы бар болғаны 3350 мАс. Дегенмен флеш жады 512 Гб, ал ОЖ 6 Гб моделінде флеш-жады 128 Гб болмақ. Компанияның мәлімдеуінше, компания алдымен Қытай нарығын бағындырады, сосын халықаралық нарыққа сатуды бастайды.

Мынадай батыл қадамнан соң Lenovo үшін, қытайлық Huawei, OPPO, Xiaomi секілді алып смартфон өндірушілерінің қатарына ену мүмкіндігі пайда болады.

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна