2019 жылы Қазақстанда 5G байланысы тест режимінде енгізіледі

2019 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда 5G стандарты тест режимінде жұмыс істейтін болады. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев хабарлады.

2019 жылдың екінші тоқсанында 5G мобильді байланысының пилоттық тест технологиясын енгізу жоспарлануда.

"5G мобильді байланысының пилоттық тестілеуі үшін министрлік Қазақстан Республикасының қорғаныс Министрлігімен бірлесе отырып Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Алматы облыстарында жиілікті іріктеу жұмыстарын жүргізді", – деді Абаев.

Оның сөзінше, 2018 жылы ҚР ақпарат және коммуникация Министрлігі Дурбанда (Оңтүстік Афирика Республикасы) өтетін Бүкіләлемдік ITU Telecom-2018 шарасы мен Дубайда (БАӘ) өтетін халықаралық электрбайланыс кеңесінің конференциясы – 2018 шарасына қатысуға ниет білдіріп отыр.

Халықаралық электрбайланыс кеңесі 5G стандартын қабылдағаннан кейін телекоммуникация құралын өндірушілер сәйкес құрылғылардың өндірісін бастайды.

Министрдің сөзінше, Қазақстанда тестіленетін жиілік ресурсы тек бір ұялы операторға жеткілікті. Нақты қай оператор аталған пилоттық жобаға кіретіні жақын арада анықталады.

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна