Тәж Махал (Hindi: ताज महल; парсыша: تاج محل) - Үндістандағы ең әйгілі ғимарат және ЮНЕСКО әлемдік мұра нысаны. Делиден 204 шақырым жерде орналасқан. Әлемге танымал бұл монумент Аграның жанындағы Жанума өзенінің жағалауында орналасқан.

Жакан шахтың ұрпағы 13 бала туып, 14-інші баладан қайтыс болғаннан кейін, Тәж Махал кесенесін Мұмтаз Махалға арнап салдырған. Кейіннен құсадан қайтыс болған шахтың өзі де сүйікті тоқалының қасына жерленген.

1631 жылы басталған кесененің құрылысы 22 жылға созылған. «Өлмес махаббат» нышаны болып саналатын Тәж Махал – әлемдегі жеті кереметтің бірі.

Төрт құбыласында - төрт минареті, биіктігі 74 метр болатын бес күмбезі бар ақ мәрмәрдан салынған мазар­дың құрылысына Орта Азия, Парсы, Таяу Шығыс елдерінен 20 мың зергер-ұсталар жұмылдырып, құрылысты 1653 жылы аяқтады.

Тәж Махалдың құбыласында қызыл құмнан салынған мешіт, шығысында қызметкерлер жата­тын тура соның көшірмесі салынған.

Мазарға симметриямен салынған екі үлкен қақпа арқылы кіреді. Әдемі бассейндермен көмкерілген Тәж Махал ансамблі – архитектураның шыңы. Ескерткіштің табанында оны өзен деңгейінен жоғары көтеріп тұрған мәрмәр платформа салынған.

Мазар тұтастай ақ мәрмәрдан тұрғызылған. Қабырғаларындағы кесек мәрмәрдағы ұсақ, аса шеберлікпен кескінделген ортаазиялық ою-өрнектер қолдан қашалып жасалған.

Таң шапағымен қызғылт түске, күндіз ақ шаңқан, түнгі ай сәулесімен күміс түске боялатын мөлдір ақ мәрмәрді Аградан 300 шақырым жерден алдыртқан екен.

Ең кереметі кіре берістегі Құран сүрелері қара ақықтан, ал қабырғалардағы әшекейлер мен гүлдер қызғылт ақық, малахит, жақұт, нифриттен жасалып, мәрмәр тастың ішіне ойып салынған. Әлемдегі ең кесек алмас тас (бриллиант) «Кох-и-Нұр» осы мазарда тұрған, кейіннен ағылшындар елдеріне алып кеткен. Қазір ол Лондонда сақтаулы.

Тәж Махалдың іргесін жуып жатқан Жамуна өзенінің арғы бетінде қара мәрмәрдан жасалған іргетас жатыр. Жақан шахтың жоспары бойынша оның өзі сол жерден қара мәрмәрдан салынатын тұп-тура Тәж Махалдың көшірмесіне жерленуі тиіс болатын. Жамуна өзенінің екі жағасында жатқан қос мазарды жалғастыратын көпір салынуы тиіс еді.

Алайда, сырттан келетін шапқыншылықтан қажыған мемлекеттің қазынасы тағы бір қымбат ғимараттың құрылысын көтере алмайтын болды. 1658 жылы Жақан шахты ұлы Аурангзеб орнынан алып, Қызыл бекініске қамап қойды. Тоғыз жыл қамауда отырған Жақан шахты қайтыс болғаннан кейін тоқалының жанына апарып жерледі.

Тәж Махал кесенесі

Тәж Махал кесенесі

Тәж Махал кесенесі

Тәж Махал кесенесі

Тәж Махал кесенесі

Тәж Махал кесенесі

Тәж Махал кесенесі

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна